Ақтөбе – Ястребы сериясы алдында

1 naýryz
330

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.

«Ақтөбе» (3) – «Ястребы» (6)

Жеңістер/ұпайлар: 32/70 – 30/63

Тұрақты чемпионаттағы салынған/өткізілген шайбалар: 219/139 – 218/135

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Максим Мозжерин (25+34) – Никита Бородин (36+41)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:2, 4:3 Б, 7:3, 4:3

Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Матфей Катасонов (3+1) – Никита Игнатов (4+1)


Тұрақты чемпионаттың барлық жекпе-жек матчтары «Ақтөбенің» пайдасына бұйырды.

«Ақтөбе» (219) мен «Ястребы» (218) – плей-офф қатысушылары ішінен ең аз шайба салған командалар.

«Ястребы» командасының шабуылшысы Никита Бородин алдын ала кезеңнің үздік бомбардирлерінің бестігін тұйықтады.

«Ястребы» командасының қорғаушысы Сергей Крицин (20+24) өз амплуасындағы ең нәтижелі ойыншылардың үздік үштігіне кірді.

Абай Шәріпов пен Даниил Кудимов – биылғы чемпионаттағы ең сенімді қақпашылар бригадасы. Олар сенімділік коэффициенті (екеуі де 2,8) бойынша да, тойтарылған соққылар пайызы (тиісінше 91,4 және 91,3) бойынша да лига қақпашыларының үздік үштігіне кіреді. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.