Барыс овертаймда «Мұнайшыны» жеңіп кетті. 26 ақпандағы матчтарға шолу

26 aqpan
961

«Мұнайшы» овертаймда «Барысқа» есе жіберді, алайда плей-оффқа шығуға әлі де мүмкіндігі бар.

«Мұнайшы» тұрақты чемпионат бағдарламасын овертаймда «Барыстан» жеңіліспен аяқтады. Алайда павлодарлық ұжымның плей-оффқа шығуға мүмкіндігі бар. «Барыс» қорытынды турға қатарынан 16 жеңіспен келіп отыр.

«Барыс» - «Мұнайшы» 3:2 ОТ (0:1, 1:0, 1:1, 1:0)

0:1 - 01:46 - Билимбаев (Мальцев, Обухов)

1:1 - 20:52 - Муканов (Коган, Кабатаев)

1:2 - 42:23 - Гулый (Григорюк, Терещенко)

2:2 - 47:54 - Муканов (Кабатаев, Сапарбек Д.)

3:2 - 62:45 - Логвин (Талдыкин, Оспанов)

Қақпашылар: Дубинскас - Гущин