Атырауда Jastar Ligasy маусымының төртінші жартылай финалисі анықталды.
«Алматы» «Жас Батырмен» шешуші кездесуде өз сәттерін жүзеге асыруда ұқыптылық танытып, екі рет артық құрам ұйымдастырды және соңғы кезеңнің ортасына қарай жайлы есеп үстемдігімен алға шықты. Өз есептерін Александр Югай, Юрий Андрусенко мен Роман Ермак толтырды. Кирилл Юдиннің дөп соққысы атыраулықтарға ойынға оралуға мүмкіндік берді, ал финалдық ысқырыққа 13 секунд қалғанда Мәдихан Күнтуғанов есеп алшақтығын минимумға дейін қысқартты. Алайда алаң иелері одан арыға бара алмады. «Алматы» жартылай финалға шықты, ал тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Жас Батыр» бірінші раундтың нәтижесі бойынша-ақ плей-оффтағы өз ойынын аяқтады.
«Жас Батыр» - «Алматы» 2:3 (0:1, 0:1, 2:1)
0:1 - 17:57 - Югай (Шмидт)
0:2 - 25:19 - Андрусенко (Айдуков, Ермак) ГБ
0:3 - 48:11 - Ермак (Айдуков, Андрусенко) ГБ
1:3 - 48:47 - Юдин (Мухамедияров, Максимов)
2:3 - 59:47 - Контуганов (Игнатов, Садыков)
Қақпашылар: Еркинов - Яковенко
«Жас Батыр» - «Алматы» сериясындағы есеп: 3-4 (1:2 ОТ, 2:3, 5:4 ОТ, 3:2, 3:1, 4:6, 2:3)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.