Торпедо – Астана сериясы алдында

20 naýryz
313

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының алдағы жартылай финалдық жұптары туралы жарияланымдар топтамасын аяқтаймыз.

«Торпедо» (5) – «Астана» (7)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 9:4, 3:4 Б, 4:2, 1:3

Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Диас Рысбеков (3+2) – Жанболат Бекеев (2+3)

¼ финалдың нәтижесі: «Карметпен» серияда 4-2 - «Барыспен» серияда 4-1

Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 18/13 – 24/7

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Артур Глухих (4+5) – Алексей Фрукалов (3+6)


«Астана» плей-оффтың бірінші раундында тартыстан елдің бес дүркін чемпионы «Барысты» ығыстырды. Бес матчтың үшеуінде «елордалықтар» алаңнан шайба өткізбестен кетті, бұл ретте 24 гол – барлық ширек финалдық сериялардағы үздік нәтиже.

«Торпедо» мен «Астананың» маусымдық текетіресінде ұжымдар екі реттен жеңіске жетті, алайда өскемендіктер бір балға кем жинады.

Командалардың үздік бомбардирлері Артур Глухих пен Алексей Фрукалов плей-оффтың ең нәтижелі 4 ойыншысының қатарына кірді.

«Астаналық» Игнат Шевченко (5+2) – кубоктік раундтың үздік қорғаушы-бомбардирі.

«Елордалықтардың» тағы бір өкілі Дәулет Қуат – сенімділік окэффициенті бойынша плей-оффтың үздік қақпашысы (1,9). 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.