Кубоктық сегіздік анықталды. 28 ақпандағы матчтарға шолу

28 aqpan
989

Белашов пен Чаловтың хет-триктері «Ястребы» командасына «Горнякқа» қарсы ойында жеңіс әкелді. «Қыран» «Құлагерді» плей-оффтан айырды. «Астана» нәтижелі матчта «Арланды» жеңді.

«Ястребы» «Горнякпен» ойында сенімді түрде жеңіске жетті. Қуантарлығы: оралдық ұжымнан бірден екі ойыншы: Никита Белашов пен Максим Чалов хет-трик жасады. Қақпашы Никита Осипов алаңнан қақпасына шайба өткізбестен кетті.

«Ястребы» - «Горняк» 6:0 (1:0, 2:0, 3:0)

1:0 – 12:40 – Белашов (Васин)

2:0 – 25:51 – Белашов (Васин)

3:0 – 36:12 – Чалов (Медведев, Сауриков) ГБ

4:0 – 41:52 – Чалов (Медведев)

5:0 – 47:42 – Чалов (Медведев)

6:0 – 52:19 – Белашов (Рубцов)

Қақпашылар: Осипов – Лигай

Ойын күнінің басты жекпе-жегінде «Қыран» өз алаңында «Құлагерден» басым түсті және кубоктық раундқа жолдама алды. Ал петропавлдықтар тұрақты чемпионат аяқталғаннан кейін медаль үшін күресе алмайтын болды.

«Қыран» – «Құлагер» 4:1 (3:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 11:13 – Денисов (Терехов)

2:0 – 12:35 – Еськов (Медведков)

3:0 – 16:52 – Терехов (Свинтальский)

3:1 – 17:33 – Соляник (Коровин)

4:1 – 40:17 – Жабунин (Камерист)

Қақпашылар: Ибрагимов – Токпан

«Астана» «Арланмен» кездесуде бірінші кезеңді үлкен екпінмен өткізіп, ақтық ысқырық естілгенше өз үстемдігін сақтап қалды.

«Арлан» – «Астана» 3:6 (0:3, 1:2, 2:1)

0:1 – 12:27 – Карпасов (Смолянский, Крицин) ГБ

0:2 – 16:54 – Китаров (Андрусенко) ГМ

0:3 – 19:50 – Федотов (Кисель) ГБ

0:4 – 22:03 – Ракишев (Карпасов, Смолянский)

0:5 – 28:51 – Федотов (Карпасов, Шляйгер) ГБ

1:5 – 35:10 – Половников (Цихоцкий, Гафаров)

1:6 – 41:54 – Карпасов (Андрусенко)

2:6 – 43:01 – Половников (Гафаров)

3:6 – 46:52 – Евлашевский (Игушкин)

Қақпашылар: Чепец (Ваганян, 22:03-60:00) – Риттингер (Сарин, 20:00-60:00)

Бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша плей-оффтың барлық қатысушылары анықталды. Медаль үшін тартыстан «Құлагер» мен рудныйлық «Горняк» шығып қалды.