Құлагер маусымды тоғызыншы орынмен аяқтады. 1 наурыздағы матчтарға шолу

1 naýryz
850

«Барыс» «Барыс-Жастағы» ұяластарын аямады. «Арлан» «Астанадан» қарымта қайтарды. «Қыран» екінші рет «Құлагерден» басым түсті.

«Барыс» жүйесіндегі екі ұжымның кездесуі Олег Шулаевтың командасының жеңісімен аяқталды. Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы қарсыластың қақпасына жауапсыз тоғыз шайба аттандырды.

«Барыс-Жас» - «Барыс» 0:9 (0:4, 0:3, 0:2)

0:1 – 05:18 – Цыбин (Логвин, Оспанов)

0:2 – 11:52 – Маркабаев (Ермак, Нурлан)

0:3 – 13:00 – Цыбин (Логвин)

0:4 – 19:16 – Камибаев (Коган)

0:5 – 22:33 – Никитин (Маркабаев, Нурлан) ГБ

0:6 – 25:15 – Оспанов (Логвин, Кабатаев)

0:7 – 38:34 – Ермак (Нурлан, Талдыкин) ГМ

0:8 – 42:11 – Тусупбеков (Никитин)

0:9 – 38:44 – Талдыкин (Маркабаев, Ермак)

Қақпашылар: Шефер (Габдуллин, 20:00-60:00) – Дубинскас (Рудковский, 40:00-60:00)

«Қыран» өз алаңында «Құлагерді» екінші рет жеңді. Петропавлдықтар қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына ауыстырып, матчты құтқаруға тырысты. Алайда қарағандылықтар қарсыластың финалдық тегеурініне төтеп берді.

«Қыран» – «Құлагер» 5:3 (1:0, 0:1, 4:2)

1:0 – 19:03 – Медведков (Пономарев) ГБ

1:1 – 34:23 – Антясов (Миллер)

1:2 – 40:25 – Миллер (Фролов, Койпиш)

2:2 – 43:59 – Жабунин

3:2 – 46:48 – Еськов (Степанов)

4:2 – 51:35 – Жабунин (Медведков)

4:3 – 57:48 – Тезекпаев (Антясов)

5:3 – 59:46 – Свинтальский (Терехов) ПВ

Қақпашылар: Куликов – Щербаков

«Арлан» Денис Гафаровтың покерінің арқасында «Астанадан» қарымта қайтарды. Көкшетаулықтар елордалықтармен ұпай теңестіргенімен, қосымша көрсеткіштер бойынша алаң иелері тұрақты чемпионатты бір қатар төмен – алтыншы орынмен аяқтады.

«Арлан» – «Астана» 4:2 (1:0, 2:0, 1:2)

1:0 – 14:30 – Гафаров

2:0 – 23:53 – Гафаров (Богапов)

3:0 – 26:06 – Гафаров (Кучер, Дурницын)

3:1 – 44:15 – Бреус

4:1 – 48:43 – Гафаров

4:2 – 59:01 – Ракишев (Карпасов, Нигай) ГБ

Қақпашылар: Чепец – Риттингер