Ақтөбе – Астана сериясы алдында

5 sáýir
153

Қазақстан жастар чемпионатының финалдық сериясы басталар алдында назарларыңызға кейбір статистикалық деректерді ұсынамыз.

«Ақтөбе» (3) – «Астана» (7)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жек кездесулер: 5:4 ОТ, 1:2 Б, 5:4 ОТ, 3:4

Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Савелий Потапов (2+3) – Игнат Шевченко (3+3)

¼ финалдың нәтижелері: «Ястребымен» серияда 4-2, «Алматымен» серияда 4-2 – «Барыспен» серияда 4-1, «Торпедомен» серияда 4-2

Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 38/25– 41/19

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Роман Двуреченский (6+5) – Алексей Фрукалов (4+12)

Финалистердің барлық жекпе-жек матчтары бір шайба айырмашылығымен аяқталды. Бұл ретте командалар үш рет матчты негізгі уақыттан тыс аяқтады.

«Астана» форварды Алексей Фрукалов плей-оффтың үздік бомбардирлері тізімінде екінші орында тұр.

«Астаналық» Игнат Шевченко (7+5) мен «ақтөбелік» Марк Поленов (3+7) кубоктік раундтың ең нәтижелі қорғаушылары тартысында көш бастап тұр.

Финалдық текетіресте бізді қақпашылардың қызу шайқасы күтіп тұр. «Елордалықтар» өкілі Дәулет Қуат плей-оффта орта есеппен барлығынан азырақ гол өткізеді (1,9). Ал батысқазақстандықтардың голкипері Максим Дубович – тойтарылған соққылар пайызы бойынша үздік (94,4%). 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.