«Құлагер» жастар командасының бас бапкері Анатолий Васильев маусымның қорытындысымен, болашаққа жоспарларымен бөлісіп, Петропавлда хоккей академиясының құрылатынын хабарлады.
- Анатолий Евгеньевич, маусымның қорытындысымен бөліссеңіз.
- Маусым бірқалыпты болмады. Біз өткен жылғы ауыс-түйістерімізбен маусымға кеш кірістік. Жастарды көптеп тексергеніміз жақсы болды, оларды командаға қостық. Плей-оффқа өтпеу – әрине, теріс нәтиже. Тырысатын боламыз, жұмыс жасаймыз.
- Петропавлдық хоккейдің жай-күйіне қандай баға бересіз?
- Біз орташа деңгейдеміз деп ойлаймын. Қазір біз дұрыс бағытта келе жатырмыз: балалар хоккейіне көп көңіл бөлінеді, академия ашу жоспарланып отыр. Сәйкесінше, біз дұрыс қимылдап жатырмыз, барлығы балалардан басталады. Алдағы 5-6 жылда толыққанды шәкірттер мен толыққанды балалар командалары жасақталады деп ойлаймын.
- Маусым барысында команда, бапкерлер штабы үшін оң сәттер болды ма?
- Әрине, жеңістер қуантты. Әсіресе, балалар «Торпедо» сияқты салмақты қарсыласты жеңгенде қуандық. Жігіттердің көздері жайнап, қуаныштары қойнына сыймады. Жаттығу процесінде де жақсы кезеңдер болды. Жігіттердің өзінен не талап етілетін түсінгенін, олардың ойыншы ретінде өсіп келе жатқанын көргенде қуанасың.
- Биыл петропавлдық трибуна қалай болды?
- Жанкүйерлеріміз жарады, оларға алғысымыз шексіз. Олар біздің алтыншы алаң ойыншыларымыз, бізді соңына дейін қолдады, бас иеміз.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.