Торпедо – чемпионаттың қола жүлдегері

12 sáýir
245

«Алматы» мен «Торпедо» оңтүстік астанада Jastar Ligasy-ның қола медалі үшін тартысты аяқтады.

Үйдегі екі жеңістен кейін өскемендіктер қорғанысқа баса мән берді және бұл серияның үшінші матчында өз жемісін берді. Барлығын ойынның ортасында көзге түскен Кирилл Индюковтың бір дөп соққысы шешті. Алайда кездесудің басты қаһарманы деп өз есебіне 39 сейв жазған қонақтардың қақпашысы Вадим Грохотовты атауға болады.

Осылайша, «Торпедо» маусымның қола жүлдегері атанды. Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша сегізінші орын алған «Алматы» чемпионатты үздік командалардың төрттігі қатарында аяқтады.

«Алматы» - «Торпедо» 0:1 (0:0, 0:1, 0:0)

0:1 - 30:02 - Индюков

Қақпашылар: Яковенко - Грохотов

«Торпедо» - «Алматы» сериясындағы есеп: 3-0 (4:1, 3:2 ОТ3, 1:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.