Торпедо оқ бойы озды, Барыс сериядағы есепті теңестірді. Плей-оффтың жетінші күніне шолу

29 naýryz
1309

«Ястребы» Өскемендегі екінші матчта жеңіліс тапты. «Барыс» клубтастарымен сериядағы есепті теңестірді.

«Торпедо» мен «Ястребы» арасындағы серияның екінші жекпе-жегі тартысты өтті. Екінші кезеңде оралдықтар екі шайба артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарды. Алайда қорытынды кезеңде алаң иелері дегенімен өз дегендеріне жетті. Жеңісті шайбаны Артём Перов салды. Командалар Оралға «Торпедо» пайдасына шешілген сериядағы 2-0 есебімен аттанады.

«Торпедо» – «Ястребы» 5:3 (2:0, 1:2, 2:1)

Сериядағы есеп: 2-0

1:0 – 00:53 – Тютюньков Д. (Гавриленко, Астафьев)

2:0 – 06:56 – Астафьев (Рифель) ГМ

2:1 – 20:50 – Козорез (Васин)

2:2 – 27:45 – Чалов (Капица) ГБ

3:2 – 34:33 – Попов (Тютюньков Д., Кизекпаев)

4:2 – 41:03 – Перов (Тютюньков Д., Пивень)

4:3 – 43:58 – Адеев (Чалов, Залевский) ГБ

5:3 – 59:55 – Тютюньков Д. (Перов) ПВ

Қақпашылар: Ершов – Осипов

«Барыс» жүйесіндегі қос жетті. Кездесу кешегідей тартысты өтті. Екінші кезең аяқталуға сәл қалғанда Всеволод Логвин салған соққы және соңғы шептегі Максим Павленконың сенімді ойыны «Барысқа» жеңіс сыйлады. Бұл серияда есеп тең түсті.

«Барыс» - «Барыс Жас» 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)

Сериядағы есеп: 1-1

1:0 – 03:33 – Касенов (Ищенко, Никитин)

1:1 – 22:25 – Сайко (Бекеев)

2:1 – 35:48 – Логвин (Евлоев, Оспанов)

Қақпашылар: Павленко – Пестов