Торпедо мен Барысты финалдан бір-ақ қадам бөліп тұр. Плей-оффтың оныншы күніне шолу

5 sáýir
1143

«Торпедолықтар» жекпе-жектің бесінші матчында «Ястребы» командасын ойсырата жеңді. «Барыс» «Барыс-Жаспен» серияда алға шықты.

Өскемендіктер әрбір кезеңде нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, «Ястребы» ұжымына ес жинауға мүмкіндік бермеді. Әсіресе, үшінші кезең нәтижелі болды. Жеңімпаздар құрамынан покердің авторы Эрик Алдабергенов болды. Командалар Оралға «Торпедоның» пайдасына шешілген сериядағы 3-2 есеппен аттанады.

«Торпедо» – «Ястребы» 8:2 (2:1, 2:0, 4:1)

Сериядағы есеп: 3-2

1:0 – 04:58 – Тютюньков Д. (Перов, Храмов) ГБ

1:1 – 12:16 – Козорез

2:1 – 17:19 – Астафьев (Гавриленко) ГБ

3:1 – 31:58 – Алдабергенов (Подшивалов)

4:1 – 33:14 – Омельковец (Тютюньков Я., Попов)

5:1 – 40:51 – Алдабергенов (Храмов, Подшивалов)

6:1 – 51:06 – Бондаренко

7:1 – 55:04 – Алдабергенов (Подшивалов, Астафьев)

7:2 – 57:21 – Чалов (Медведев, Ницевич) ГБ

8:2 – 57:47 – Алдабергенов (Гавриленко, Астафьев) 

Қақпашылар: Осокин – Емельянов (Осипов, 55:04-60:00)

«Барыс» «Барыс-Жаспен» матчта екінші кезеңді екпіндетіп өткізді және матчты жеңіспен аяқтады. Олег Шулаевтың командасы қатарынан екінші матчты жеңіп, бұл серияда алғаш рет алға шықты. Дубль Али Қасеновке тиесілі.

«Барыс» - «Барыс-Жас» 5:1 (1:0, 3:0, 1:1)

Сериядағы есеп: 3-2

1:0 – 01:56 – Нурлан (Логвин)

2:0 – 25:15 – Оспанов (Логвин, Шетле)

3:0 – 33:40 – Қасенов (Шайхмедденов)

4:0 – 34:25 – Сапарбек Д. (Бойко)

4:1 – 53:31 – Бекеев А. (Бекеев Ж.)

5:1 – 56:16 – Қасенов (Алибек, Ищенко)

Қақпашылар: Калмыков – Амирбеков (Пестов, 40:00-60:00)