Қазақстан жастар чемпионатының топ-3 қорғаушысы

20 qańtar
1331

Командалар ұзаққа созылған демалыстан шығуға дайындалып жатқан тұста назарларыңызға қазіргі таңда әртүрлі амплуадағы Jastar Ligasy-ның үздік ойыншыларын ұсынамыз.

Бейбарыс Оразов («Астана») – 26 (4+22) ұпай

Өз командасындағы ең нәтижелі қорғаныс ойыншысы. Өз шайбаларының тең жартысын Бейбарыс артық құраммен салды. «Астананың» сегізінші орында ғана келе жатқанына қарамастан, JastarLigasy-ның ең көп өткізетін бес командасына кіреді. Оразовтың пайдалылық көрсеткіші айтарлықтай дәрежеде (+10).

Кирилл Эрфурт («Ақтөбе») – 29 (5+24) ұпай

Өз командасына әдеттегідей чемпионат көшін бастауға көмектеседі. Нәтижелілік бойынша Кирилл командада көптеген шабуылшылардың алдын орап, бесінші орында келе жатыр. Бұл ретте Эрфурт өзінің қорғаныстағы тікелей міндеттерін де ұмытпайды – пайдалылық көрсеткіші +22-ні құрайды. Бір ғана кемшілік – мұзайдынның қос жартысында да белсенді болам деп, хоккейші кейде ереже бұзуға мәжбүр. Сондықтан Кириллдің дәл қазір пассивінде 46 айып минуты бар.

Игорь Залевский («Ястребы») – 46 (19+27) ұпай

Чемпионаттың ең нәтижелі топ-15 ойыншысының қатарына кіреді. Игорь өз қызметінен бөлек, «Ястребы» командасының бапкерлер штабы үшін басты шабуылшы күштердің бірі болып табылады. Тең емес құраммен ойнауда оның орны бір төбе (артық құраммен 10 шайба), сондай-ақ қарсы қақпаға өз жолдастарына қарағанда жиірек шайба салады. Залевский өз соққыларының 20 пайыздан астамын жүзеге асырған. Оның үстіне, хоккейші – Лиганың ең «пайдалы» ойыншысы (+50).