Барыс чемпиондық атағын қорғады

26 naýryz
1687

«Ястребы» «Барыстың» плей-оффтағы жеңіс жорығына тұсау бола алмады.

Кездесудің 14-ші секундында-ақ қонақтар артық құраммен гол салды. Ал араға жеті секунд салып, «Барыс» Алмаз Мукановтың дөп соққысының арқасында есеп ашты. «Ястребы» бұған нәтижелі қарсы шабуылмен жауап берді, шепті Вадим Аухадеев бастады. Сонымен қатар үзіліске дейін Алдияр Нұрлан елордалық ұжымды тағы да алға шығарды.

Екінші кезең де «Барыс» ойыншыларының пайдасына шешіліп, шешуші үшінші кезеңнің алдында үстемдік орнатты. Қорытынды кезеңде «Ястребы» матчты құтқара алмады. Финалдық ысқырық 7:3 есебімен қонақтардың сенімді жеңісін тіркеді. Алмаз Муканов пен Роман Ермак бір-бір дубльден жасады.

Осылайша, «Барыс» қатарынан үшінші рет Қазақстан жастар чемпионатының алтын медальдарын жеңіп отыр. Айтып өтетін жайт, аяқталған маусымның плей-офф сериясында Александр Березенскийдің командасы бірде-бір матчта жеңілген жоқ.

Чемпион мен күміс жүлдегерді марапаттау салтанаты ертең Оралда өтеді.

«Ястребы» - «Барыс» 3:7 (1:2, 2:3, 0:2)

0:1 – 00:21 – Муканов (Телгожаев, Шетле) ГБ

1:1 – 11:17 – Аухадеев (Ракишев)

1:2 – 15:37 – Нурлан (Омирбеков, Оспанов)

1:3 – 22:30 – Муканов (Телгожаев, Талдыкин) ГБ

2:3 – 25:21 – Некрасов (Худайбергенов, Залевский) ГБ

2:4 – 31:15 – Оспанов (Омирбеков, Нурлан)

2:5 – 36:27 – Фокин (Бреус)

3:5 – 39:13 – Ракишев (Худайбергенов, Аухадеев) ГБ

3:6 – 50:18 – Ермак (Бреус) ГМ

3:7 – 53:46 – Ермак (Муканов, Шетле)

Қақпашылар: Мейдер – Дубинскас

Сериядағы есеп: «Барыстың» пайдасына 3-0.