«Ақтөбенің» бас бапкері өз командасының Қазақстан жастар чемпионатындағы өнерін қорытындылады.
- Александр Витальевич, маусым аяқталды. Қалай ойлайсыз? Не қолдан келді, не келмеді?
- Біздің «жастар» үшін бұл біржылдық үзілістен кейінгі алғашқы маусым болды. Және ол эмоционалдық және физикалық тұрғыдан оңай болған жоқ. Дегенмен маусым қызықты болды деп айта аламын. Қуантатыны, жақсы, жылдам, өжет команда жинай алдық. Қолдан келмегені – біз чемпионаттың соңында құлдырадық. Бәлкім, жігіттерге кей жерде төзім, шеберлік жетіспеген шығар. Әйтсе де өткен кезеңді тәжірибе ретінде қабылдаймыз, жаңа маусымнан үмітіміз мол. Оның үстіне басшылық бізді ұдайы барынша қолдауда. Меніңше, Қазақстандағы үздік материалдық-техникалық базалардың бірі бізде. Тек ойнасаң болғаны!
- Қай матч ең көп есте қалды?
- Чемпионатта да, плей-оффта барлық матчтар жақсы өтті. Алайда бәрінен де «Горняк» командасына қарсы бастапқы матч есте қалды. Және әрине біз овертаймда жеңіске жеткен плей-оффтың «Барыс-Жаспен» сериясындағы төртінші ойыны, сондай-ақ біз серияны «алған» бесінші ойын ерекше есте қалды.
- Қазір жаңа маусымға дайындық бойынша жұмыс басталып үлгерген шығар?
- Қазір жігіттердің барлығы үйлеріне, демалысқа кетті. Оларға сәл демалып, күш жинауға уақыт бердік. Дегенмен жігіттер жеке бағдарлама бойынша дайындалатын болады. Жазда оларды жинап, Ақтөбеде чемпионатқа дайындалатын боламыз. Бапкерлер штабына қатысты қазірдің өзінде іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Демек, жанкүйерлер келесі маусымда жаңа ойыншыларды көруі мүмкін ғой?
- Әрине, құрамда өзгерістер болады. Айтқандай, жанкүйерлер туралы. Өзімнің және тұтас команданың атынан бізді әрбір үйдегі матчта, кейде түзде де қолдап келе жатқан «алтыншы ойыншымызға» үлкен алғыс білдіремін. Кейде трибунаның қолдауы үміт үзілген ойындарда бұза-жаруға көмектесті.