Ақтөбе алда келе жатыр, Құлагердің серпілісі. Қарашаның қорытындысы

1 jeltoqsan
1003

Қазақстан жастар чемпионатының үшінші айын қорытындылаймыз.

Қараша айында «Ақтөбе» бірнеше рет жеңіліске ұшырады, алайда команданың бұған дейін жиған ұпай қоры аралық көшбасшылықты сақтауға мүмкіндік берді. Батысқазақстандық ұжым өз жанкүйерлерін нәтижелі ойынымен (109 шайба – Лигадағы үздік нәтиже) қуантып келеді: 24 матчтың 19-ында жеңіске жетті (39 ұпай).

Өткен айында «Құлагер» елеулі серпіліс жасады, петропавлдық ұжым бүгінгі таңда жоғалтқан ұпайлары бойынша көшбасшыдан небәрі бір балға артта қалып отыр (қоржынында 34 балл бар). «Мұнайшымен» өтпеген матчтарды ескерсек, Ильгиз Нуриевтің ойыншылары қарашадағы барлық сегіз кездесуде жеңіске жетті.

Үздіктер үштігін елдің қазіргі чемпионы «Барыс» тұйықтайды. Елордалық ұжымның есебінде 33 балл бар, бұл ретте Сергей Старыгиннің командасы өзінен алда келе жатқан қарсыластардан азырақ матч өткізді. «Барыс» материал жарияланған сәтте Лиганың ең аз шайба өткізген командасы болып отыр (пассивте 43 гол).

Плей-офф аймағынан тыс «Мұнайшы», «Барыс-Жас», «Горняк», «Қыран» және «Астана» қалып отыр. Бұл ретте «елордалықтар» қосымша көрсеткіштер бойынша ғана сегізінші орындағы «Арланға» жол берді.

Өткен айда ең ірі жеңіске «Арлан» жетті. 18 қараша күні көкшетаулықтар өз алаңында «Мұнайшыны» 10:2 есебімен ойсырата жеңді.

Айдың ең нәтижелі жекпе-жегі 7 қараша күні Өскеменде өтті. «Торпедо» «Жас-Батырды» 10:4 есебімен жеңді.

Parimatch-Jastar Hokei Ligasy үздік бомбардирі – «ақтөбелік» Николай Коев. Ол чемпионатта 40 ұпайдан (21+21) асыра жинаған алғашқы ойыншы.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.