Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының бесінші айын қорытындылайық.
Үздік қақпашы – Антон Осокин («Торпедо»)
Жастар командасына жіберілген Осокин қаңтарда «торпедолықтардың» екпін алып, плей-оффқа жақындауына ықпал еткен ойыншылардың бірі атанды. Өткен айда Антон өз командасының сегіз кездесуінде мұзға шығып, алты рет жеңіске жетті (олардың біреуі – құрғақ жеңіс). Осокин орта есеппен әр ойында 2,23 шайба өткізіп, соққылардың 92,73%-ына тойтарыс берді.
Үздік қорғаушы – Бейбарыс Оразов («Астана»)
«Астананың» үздік бомбардирлерінің бірі қаңтарда нәтижелі қимылдап, өз командаластарына гол салуға көмектесті. Оның есебінде 14 пас беру және 1 салынған шайба бар, пайдалылық көрсеткіші +19. Айдың бір ғана матчында Оразов мұздан ұпай жинамастан кетті. Дәл қазір Бейбарыс Parimatch-JastarHokeiLigasy-ның үздік бомбардир-қорғаушылары тізімінде екінші орынды алып тұр.
Үздік шабуылшы – Матвей Шелехов («Ястребы»)
Чемпионаттың басты бомбардирі екпінін бәсеңдетпей, екінші ай қатарынан Лиганың үздік шабуылшысы атанып отыр. Бұл ретте «Ястребы» сегіз матчтың жетеуінде жеңіске жетті, ал Шелеховтың өзі ұпай қоржынын +11 пайдалылық көрсеткішімен 21 (9+12) балға толықтырды. Айтып өтетін жайт, қаңтарда Матвей әрбір төртінші соққыны жетер жеріне жеткізді (24,32%).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.