Parimatch-Jastar Hokei Ligasy-ндағы аяқталған тұрақты чемпионатты қорытындылайық.
Үшінші жыл қатарынан тұрақты чемпионатты «Барыс» жеңіп келеді. Елордалық ұжым 36 матчты жеңіп, 76 балл жинады. Бұл ретте Лига бойынша екінші нәтиже көрсетті (221 шайба салған). Ал қорғаныстағы ойын бойынша Сергей Старыгиннің ойыншылары чемпионаттағы үздік команда атанды (пассивте 109 гол бар). «Барыстар» маусым бойына сегіз кездесуде ғана ұпай жинай алмады.
Ұзақ уақыт бойы «Барысты» өкшелеп «Ақтөбе» мен «Құлагер» қуып келді. Олар алдын ала кезеңді бірдей ұпай санымен аяқтады (69 балдан). Алайда чемпионат соңында қос ұжым да сәл тежеліп, астаналық қарсыласты алға жіберді. Жекпе-жектердің нәтижесі бойынша екінші қатарды батысқазақстандық команда иеленді, петропавлдықтар плей-оффқа үшінші орынмен жетті. Айтып өтетін жайт, «Құлагер» өз тарихында алғаш рет медаль үшін таласпақшы.
Өзі құрылған алғашқы жылы-ақ плей-оффқа «Жас Батыр» жолдама алды (63 балл, бесінші орын). Бұл ретте атыраулықтар нәтижелі және шабуылдаушы хоккейді көрсетіп, салынған шайба саны бойынша Лигада төртінші болды.
Тұрақты чемпионаттың ең көп гол салған командасы – «Астана». Алайда осындай нәтижесімен жетінші орынды қанағат етті. «Елордалықтар» қоржынында 228 салынған шайба бар (әр ойында орта есеппен 4,75).
Соңғы турға дейін кубоктік раундқа соңғы сегізінші жолдаманың тағдыры белгісіз болды. Нәтижесінде чемпионат соңында «Алматы» «Ақтөбемен» кездесуде жігерлі ойын көрсетіп, қалаулы орынды иеленді. Оңтүстікастаналық команда қарағандылық «Қыранды» турнир кестесінде бір ғана балға басып озды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.