Тимур Ержепов: «Маусым біз үшін өте пайдалы болды»

23 aqpan
671

Parimatch-Jastar Hokei Ligasy-ның ең жас командасы «Барыс-Жастың» бас бапкері Тимур Ержепов клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен тұрақты чемпионатты қорытындылады.

- Тимур Зарыканович, маусымға қатысты қойылған міндеттер туралы айтып берсеңіз. Команда қаншалықты еңсерді?

- Әрине, плей-оффқа өткігім келді. Біздің оған енуге бар мүмкіндігіміз болды. Алайда маусым барысында көп ойында сүріндік. Оларды қалай атарымды білмеймін. Өз-өзімізге көп гол тілеп алдық, аластатулар қиындық тғызды. Осының салдарынан ойын өрнегі бұзылды, қарсыластың қақпасына жеткілікті шайба дарыта алмадық. Нәтижесінде мерзімінен бұрын жорықтан шығып қалдық. Жігіттер тырысады, еңбектенеді. Барлығы біз ойлағандай болмай жатыр, алайда тәжірибе алып жатқандары белгілі.

- Маусым басында жақсы нәтиже көрсетпегенімен болашағынан көп үміт күттіретін ойыншы бар ма жігіттердің арасынан?

- Әлдекімнің атын атап, түсін түстеп жатпай-ақ қояйын. Әрине, маусым барысында ондай оыншылар болды. Егер Қазақстан Кубогін алар болсақ, жігіттер өздерін шашыраңқы сезінді Алайда уақыт өте келе тәжірибе жинап, сенімділік пайда болды. Жігіттер жақсырақ ойнай бастады. Плей-оффтың алдында екі қорғаушымызды ересектер командасына алып кетті. Жарады жігіттер, өздерін көрсетіп, назарға ілікті. Басқа командалар да ойыншыларға қызығушылық білдіре бастады, біз қарсы емеспіз. Жігіттер өздерін көрсетсін.

- Қандай ойындарды маусымда табысты, ал қайсыларын сәтсіз деп атай аласыз?

- Жақсы, есте қалатын ойындар көп болды. Кейбірінде жеңіліп қалдық, алайда бәрі оңынан болған сәттер де аз емес. Ұжым біз талап еткенді орындады, бұл нәтиже берді. Біздің ересек клубтастарымыз, «Барыс» командасымен жақсы ойын болды. Командаға ешқандай шағым жоқ. Жігіттер өз-өздеріне сенді, жақсы ойнай алды. Алайда «Ястребы» командасымен соңғы кездесулер бізге тұрақтылықтың жетіспейтінін байқатты. Жігіттердің барлығы жас, ал лигада жасы үлкендеу қарсыластар ойнайды. Үйренетін тұсымыз көп. Маусым біз үшін өте пайдалы болды деп санаймын.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.